Есептеу приборын орнату арқылы жылу ақысын үнемдеуге болады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Жалпыүйлік жылуды есептеу приборларын орнату кезінде төлем 36% дейін немесе көлемі 60 шаршы метр екі бөлмелі пәтердің жылуы үшін орташа есеппен 2720 теңгеге төмендейді. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын цифрландыру тақырыбындағы баяндамасында мәлімдеді.
Жергелікті атқарушы органдардың деректері бойынша, елімізде көппәтерлі тұрғын үйлерді приборландыру деңгейі 45% құрайды. 50 мыңға жуық үйге жалпыүйлік есептеу приборлары орнатылған, қосымша тағы 62 мың прибор қажет.
Министрдің айтуынша, бБүкіл ел бойынша бұл үнемдеу жылына 32,5 млрд теңгеге немесе 5 жылда 162,5 млрд теңгеге жетуі мүмкін.
«Ақтөбе қаласындағы 29,8 шаршы метр пәтерге жалпыүйлік жылуды есептеу приборы мен автоматты жылу пунктін орнатқаннан кейінгі үнемді мысал ретінде айтуға болады. 2017 жылдың қазан айныда жылыту құны 3547 теңгені құрады. Жылуды есептеу приборы мен автоматты жылу пунктін орнатқаннан кейін 2018 жылдың қазан айында жылыту құны 466 теңгені құрады, яғни үнем – 3081 теңге», — деді Қасымбек Үкімет отырысында.
Ол жалпыүйлік жылуды есептеу приборлары мен автоматты жылу пункттерін толық масштабта енгізу үшін екінші деңгейдегі банктердің инвестициялары мен қаражатын тарту бойынша құжаттар дайындап жатқанын айтты.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ