«Есепшім Лена мен жүргізушім Анатолийден сұраңыздар»: Мұхтар Тайжан өзін ұлтшыл деп атағандарға жауап берді – Қазақстан жаңалықтары

0
16

Қоғам қайраткері, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан өзін ұлтжанды деп айыптағандарға жауап берді. Өзінің Қордай жайлы айтқандарын түсіндірді.

Бұл туралы Facebook парақшасында жазды.

«Менің ұлтшылдығым жайында айтар болсам, менің есепшім Лена біздің отбасымен 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Аламатылық көлік жүргізушім Анатолий бізбен 2007 жылдан бері бірге. Журналистерге олардың телефон нөмірін бере алам. Егер мен ұлтшыл болсам, олар менімен жұмыс істей ме? Оларды ешкім күштеп ұстамайды ғой.

Енді дүнгендер жайлы айтайын. Сіздер менен дүнгендер ғана емес, басқа ұлтқа қатысты да негативті нәрсені таба алмайсыздар. Бұл күндері ғана емес, жалпы осы уақытқа дейінгі аралықта. Мен барлық марқұмдардың отбасына көңіл айттым», – дейді ол.

Қоғам белсендісі Қордай жайлы айтқан ойына түсініктеме беріп өтті.

«Қордайдағы фактілерге қатысты. Бұлар жергілікті тұрғындардың сөзі, олар халық алдында, журналистер мен комиссия алдында айтты. Сөзі видеода жазылды. Комиссия құрамында барған депутаттың оқиға орнынан алған есебі. Ол желідегі парақшасында жариялады.

Мұның бәрі қазақша жазылды. Ал, менің хейтерлерім барлық кезде мемлекеттік тілде жазбайды. Ол сіздердің проблемаларыңыз.

Күні кеше ғана мені танымал журналист, орыс жігіті Максим Рожин шай ішуге шақырды. Екі сағат сөйлестік. Ол менің барлық ойымды қолдайды. Соның ішінде Қордайға қатысты.  Ойланыңыздар», – деп жазды Мұхтар Тайжан.

stan.kz