Есек сойып, етін сатқандар ұсталды

0
6062

Соңғы кезде оңай жолмен ақша табуды көздеп, адамгершілікке жат әрекеттер жасайтындар көбейіп кетті ғой. Солардың бірі − еті жеуге жарамайтын жануарды сойып, елге арам ас жегізіп жүргендер, яғни, есек сойып сататындар.

Ауылдық жерде иесіз жүре беретін бұл ұзын құлақ жануарды тегін пайда көзіне айналдырғандар туралы әр жерде айтылып қалып жатады. Енді тағы сондай бір хабар оңтүстіктегі көрші елден таралып жатыр.

Әлеуметтік желілерде  Ташкент облысы Паркент  ауданындағы Сўқоқ қышлағында адамдар есек сойып, соның етінен тағам дайындап жүргені жайында әңгіме тараған.  Бұны өзбек елінің ішкі істер қызметкерлері тексеріп қарағанда, оқиға Ташкент облысында емес, Қашқадария облысының Косон ауданында болғаны анықталған.

Олардың айтуынша, осы жылы 26 мамырда аталған ауданның Арабхана махалласының тұрғыны, Н.Т. деген азаматтың үйінде төрт есектің сойылып, етінің сүйектерінен ажыратып алынғаны мәлім болған. Қазір бұл оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары басталған.