Ержан Уәйіс: Тәуелсіздік күні Түркияда тойланды

0
Түркия астанасында ҚР Тәуелсіздігінің 32 жыл толуы құрметіне  орай, Анкарада оқитын жастарының ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті дейді Kznews.kz тілшісі Ержан Уәйіс жазбасына сілтеме жасап.
» Қазақ елшілігі, Анкарадағы » Көк Ту» Қазақ мәдени орталығы қолдау білдірді.
«Тәуелсіздік баға-жетпес қазына». Осы күнде 300 жыл бойы аңсаған бабаларымыздың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған Отанымызды кең байтақ Қазақ даласын бүгінгі ұрпаққа аманат етті.Қазір Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының толыққанды мүшесі.Жер көлемі жөнінен 9- шы орын алатын әлемнің алпауыт мемлекеттері санасатын іргелі ел. Еліміздің егемендігін алғаш таныған Анадолы еліне, Түркияға құрметіміз өте жоғары. Өйткені біздің түбіміз Түрік , дініміз- Ислам, тіліміз, діліміз бір, әдет-ғұрып , салт-дәстүріміз де ортақ. Түркиямен байланысымыз, әсіресе экономика, мәдени салада айтарлықтай табысқа қол жеткізілді. Ғылым мен білімнің дамуына кең жол ашылды. Қазір Түркияда 9 мыңға жуық қазақ жастары оқып білім алуда.Мамақ ауданындағы Мәдениет сарайындағы шара бірнеше университеттерде оқитын жастардың «Қазақ Елі , Қазақ хандығы, Көшпелі ел тарихы жайында, Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздіктің алғаш көтерілген Көк Туы» туралы көріністер орын алды. «Қазақ Хандығы» кинофильмінен үзінділер көрсетілді. Бірнеше домбырада шебер орындаған жастар қазақ күйлерінің тарихымен таныстырды. Халық әндері: Елім-ай, Желтоқсан ызғары, Тәуелсіздіктің желбіреген Көк туы, Атамекен әндері сахнада шырқалып жатты. Қазақтың ұлттық киімін киген басында бөркі, қолында домбырасы бар жастарымыз ұлттық өнерімізді тағы да биік белеске көтерді.
Тәуелсіздіктен соң 1992- ші жылы Түркияға оқуға келген бүгінде Анкара университетінің профессоры Гүлжанат Құрманғали, сондай ақ 1992-ші жылы Алматыдан оқуға келген белгілі өнертанушы бүгінде Анкарадағы «Көк Ту» қазақ мәдени орталығының төрайымы Ләззат Мулазымогулы, Анкарадағы Қазақ Студент Жастар қоғамының жетекшісі Бекзат Бекболат құттықтау сөз сөйледі.
Станбул қаласында бірінші Қазақ Бас Консолы қызметін атқарған (1992) бүгінде Дүние Қазақтары ҚауымдастығыныңТүркия өкілі , Станбулдағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығының басшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс ( кезінде 1980-ші жылдары Қазақ телевизиясының тілшісі, комментатор саяси шолушы қызметін атқарды. 1986-шы жылы Желтоқсан оқиғасында, сондай ақ 1991 жылы еліміз Тәуелсіздік алған күні тікелей эфирге телевизия репортажын әзірлеп, Қазақ президенті Н.Назарбаевтан бірінші сұхбат алған тұңғыш қазақ тілшісі)
Тәуелсіздіктің тарихи күндерімен және бүгінде Түркиямен бауырластық , достық байланыстар жайында жан-жақты әңгімелеп, құттықтау сөзін сөйледі. Қоғам қайраткері Ержан Уәйіс осы істі ұйымдастырушыларға қолдау білдірген Қазақ елшілігіне, Мамақ ауданының әкімшілігіне алғыс айтып, Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін деп ақ батасын берді. Йя егемен елдің қуанышы ұзағынан болғай» — дейді Ержан Уәйіс жазбасында.
Шараға Анкарадағы жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары, Қазақ диаспорасының өкілдері, Қазақ елшілігінің аттешесі Дінмұхаммед Өмірәлі, БАҚ өкілдері, Түркістан телеарнасының тілшісі Салтанат Ұзақбайқызы, 300-ден астам қазақ студент жастары қатысты.