Ержан Максим «WAF CONTEST» конкурсынан гран при жеңіп алды
«Голос. Дети» байқауында көрермендендің көзайымына айналған қазақстандық жас әнші Ержан Максим тағы бір байқаудың гран приін ұтып алғанын айтты. Ол кезекті жеңісі жайлы Instagram парақшасында жариялады, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
«Ең әуелі Аллаға шүкіршілік айтамын және бар дұға тілектерін жаудырып жатқан еліме ерекше алғысымды білдіремін. Мен «WAF AWARDS» премиясына және «WAF CONTEST» конкурсына қатысып, гран при жеңіп алдым. Осы «WAF AWARDS» премиясы марапатына әлемнің түкпір түкпірінен 12 бала таңдалыпты. Соның ішінде мен де шақырту алдым. Жарысқа 16 елден 32 бала келіпті. Алғашында «конкурсқа қатысамын» деп ойлаған жоқпын. Осы жеңісімді барша қазақ еліне арнаймын және көк туымыз көкте, әлемде желбірей берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш боп, жеңістерге, биіктерге көтеріле берейік», — деп жазды Ержан Максим.
Ал желі қолданушылары жас өнерпазды кезекті жеңісімен құттықтады. «Құттықтаймын», «Жарайсың», «Қазақ елінің мақтанышы», «Көк туымызды желбірете бер», «Тіл-көзден аман бол», «Нағыз талантсың», — деп жазды желідегілер.