Ержан Максим Назарбаев пен Тоқаевтың алдында ән айтты
Қысқа сілтеме алу
Ержан Максим Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында өнер көрсетті
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Ресейлік «Голос. Дети» байқауының финалісі Ержан Максим
Қазақстан халқы Ассамбоеясының сессиясында Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында ән шырқады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оралдық жасөспірім елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясының мерекелік концертінде өнер көрсетті. Айта кетсек, Ержан Максим жуырда ғана ресейлік байқаудан оралған еді.
Тағы оқыңыз: Алла Пугачева Ержан Максимді қонаққа шақырып, ақыл айтты — видео
Қазақстандық жас талант Назарбаев пен Тоқаевтың алдында Муслим Магомаевтың «Синяя вечность» әнін орындап шықты.
Бұдан бөлек, концертте КСРО халық әртісі Әлібек Дінішев, жас әнші Данэлия Төлешова да өнер көрсетті. Нұрсұлтан Назарбаевқа ән арнаған әртістер де болды.
Тағы оқыңыз: Ержан Максим Димаштың өзіне ағалық ескерту жасағанын айтты
Айта кетсек, елордада Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ассамблеяның XXVII сессиясы өтті. Биылғы сессияның тақырыбы – «Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғыру». Сессия жұмысына ҚХА-ның 487 мүшесі қатысты.
sputniknews.kz