Ержан Максим Игорь Крутойдың музыкалық академиясында оқитын болады

0

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Ержан Максим өзінің әншілік өнерін Мәскеуде шыңдайтын болады

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр — Sputnik.  «Голос.Дети» байқауының финалисі Ержан Максим Мәскеуде Игорь Крутоймен кездесті. Белгілі композитор қазақстандық әншіні студияда тыңдап, өзінің музыкалық академиясына шақырған.

Қуанышты хабармен Ержан Максим өзінің Instagram–дағы ресми парақшасында бөлісті.

«Мені студияда тыңдаған маэстро мені ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Мен қуана келістім. Енді достар, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерімді шыңдайтын боламын. Әрине, мұның барлығы Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін. Осындай азаматтардың арқасында шығармашылығым жалғасып, жемісін беретініне сенімім мол» , – деп жазады Ержан.  

Ержанның әлеуметтік желіде 92 мыңға жуық оқырманы бар. Олар жас әншіге сәттілік тілеп, кеңес айтты.

«Ержан, айналайын! Керемет әнші көп,адамгершілігі мен қарапайымдылығы асып тұрған адам аз! Сондықтан, Димаш ағаң сияқты қарапайым,адамгершілігі мол азамат болуға ұмтыл! Құтты болсын! Ақ жол! Сәттілік серігің болсын! Өнерің өрге жүзсін,құлыншақ!»

«Биіктен көріне бер! Сен үшін қуаныштымыз әрі тілекшіміз! Әлем мойындаған нағыз өнер иесу болуыңа тілектеспін!»

«Игорь Крутой және басқа мықты маэстролардан дәріс алып, әлемнің жұлдызы бол! Қазақ екеніңді ешқашанда ұмытпа!»

«Жарайсың інім Қазақтың атын әлемге таныта бер тек алға қанатың талмасын самғай бер», деп жазады Ержанның оқырмандары.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз