Ержан Максим екінші орын алды (видео)

0

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Грузия, Беларусь, Уэльс, Украина, Польша, Нидерланды және Сербия өзінің ең көп 12 балын Қазақстанға берді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Польшалық Виктория Габор «Балалар Евровидениесі» музыкалық шоуында жеңімпаз атанды. Қазақстандық Ержан Максим екінші орынға ие болды.

Грузия, Беларусь, Уэльс, Украина, Польша, Нидерланды және Сербия өзінің ең көп 12 балын Қазақстанға берді. Қазақстан өз дауысын польшалық қатысушыға берді.

«Балалар Евровидениесінің» қорытындысы

Ержан Максим Польшаның Гливице қаласында өткен «Балалар Евровидениесі» байқауында Armanyńnan Qalma әнін орындап, Қазақстанды жоғары деңгейді таныстырды.

Әншіні сахнада би балеті сүйемелдеді. Ал концерт залындағы көрермендер ду қол шапалақтап құрмет көрсетті.

Ержан Максимнен басқа сайысқа 18 елдің өкілі қатысты.



sputniknews.kz