Ерұлан Жамаубаев вице-премьер – Қаржы министрі болды

0

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында дүниеге келген.

1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша тәмамдаған, 2009 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «Іскерлік әкімшілендіру» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолына 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы болып бастаған.

1998-2014 жылдары – ҚР Ұлттық банкі Зерттеулер және статистика департаментінің жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма басшысы, директордың орынбасары, Үйлестіру департаментінің директоры.

2014-2015 жылдары — «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның басқарушы директоры.

2015-2018 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.

2018-2019 жылдары — ҚР Президентінің көмекшісі.

2019 жылғы наурыздан бастап ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.

2020 жылғы 18 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР қаржы министрі болып тағайындалды.

2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен қаржы министрі болып қайта тағайындалды.

ҚР Президентінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығымен ҚР қаржы министрі болып қайта тағайындалды.

2023 жылғы 3 сәуірде Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі лауазымына тағайындалды.