Ерұлан Жамаубаев қаржы министрі болып тағайындалды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

262 0 0

Бұған дейін бұл қызметті Әлихан Смайылов атқарды. Ол Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болды

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерұлан Жамаубаев қаржы министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының қаржы министрі болып тағайындалсын», — делінген жарлықта.

Оқи отырыңыз: Бұрынғы вице-министр жаңа қызметке тағайындалды 

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі болған Әлихан Смайылов қызметінен босатылып, премьер-министрдің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды. 

Ерұлан Жамаубаев кім

Ерұлан Жамаубаев 2019 жылдың 22 наурызында қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Әр жылдары Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарушы директоры (2014-2015 жылдары), президент әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық бақылау бөлімі бастығының орынбасары (07.2015-11.2015), кейіннен бөлім бастығы (11.2015-11.2018) болды.

2018 жылдың 29 қарашасынан 2019 жылдың 22 наурызына дейін Жамаубаев президенттің көмекшісі болып жұмыс істеді.

Үйленген, үш баласы бар.   



sputniknews.kz