Ертіс өзенінен 60 жастағы әйел адамның денесі табылды
Өскеменде алпыс жастағы қала тұрғыны Ертіс өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, оқиға 30 сәуірде сағат 13:30 шамасында болған.
«Үш қайыққа мінген жедел құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орынына дереу жетті. Он адамнан тұратын жеке құрам жағалауды сүзіп шықты. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарына патрульдік полицейлер де араласты. Көп уақыт өтпей әйел адамның денесі табылды. Қазіргі уақытта оның жеке басы анықталып жатыр», – деп хабарлады төтенше жағдай өкілдері.