Ертіс өңірінің тас жолдарында аязда 80 адам құтқарылды
Фото: pavlodarnews.kz
Астана, BAQ.KZ. Қарағанды – Семей бағытында жолға шыққан автобустың 24 жолаушысы Екібастұз қаласының № 7 орта мектебіне жеткізілді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 желтоқсан күні түнгі сағат 23.00-де жолаушылар көлігі қатты аязға және облыстық, республикалық маңызы бар жолдардың жабылуына байланысты тоқтатылды.
«Сондай-ақ, бүгін түнде сағат 01.50-де Новосібір – Тәжікстан бағытында жолға шыққан көліктен 56 адам Успен аграрлық-техникалық колледжінің жылыту пунктіне орналастырылды. Оның беруі – бала. Екі жағдайда да ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады. Setra және Yutong маркалы автобустардан 80 адам құтқарылды», — дейді департаментте.
Кеше сағат кешкі бестен кейін барлық бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайтын және дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін шектеу қойылған болатын.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ