Ертіс ауданында жас қызды балағаттаған тұрғын бес тәулікке қамалды

0
32
Сурет: succo

Ертіс ауданының полициясына арызданған әйел 30 жастағы аудан тұрғыны мас күйінде кәмелетке толмаған қызының атына әдепсіз тіл тигізгеніне шағымданған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Учаскелік полиция инспекторы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады, материал сотқа жіберілді», – деді Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Серік Үсенов.

Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындады. Сот қаулысымен ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.