«Ертеңіміз Аллаға аманат»: Қазақстандық жұлдыздар елбасының отставкаға кетуі жайлы — Қазақстан жаңалықтары

0

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуін қазақстандық жұлдыздар қалай қабылдады? Stan.kz әзірлеген материалдан таныс болыңыздар. 

 

Елбасының сарабдал саясатының арқасында 30 жылға жуық уақыт тыныш ұйықтадым, дейді Ләйлә Сұлтанқызы. Ол алаңсыз өскен бала әрі екі баланы тәрбиелеп өсірген ана ретінде, көрерменімен еркін тілдескен маман ретінде Нұрсұлтан Әбішұлына алғыс айтады.

«Және сіздердің де дәл осындай бақытты сезініп жүргендеріңізді білемін.

Қазақстан атты шаңырақтың берекесін шайқалтпай, бірлігін шашпай, көшін алға сүйреп келген Ұлт көшбасшысына шын жүректен алғыс айтамын және шынайы алғысқа бөлейік деген ниетпен #алғыс айту #challenge-ін бастағым келеді. Елім деген Елбасына елі де ыстық ықыласпен ілтипат білдіреді, білдіріп те жатыр. Жай ғана осы постты жымия оқып, алаңсыз ертеңгі күнге жоспар құрып, будильникті қосып жатқан жағдайыңыз #алғысайтуға тұрарлық іс қой! Сондықтан менің бастамамды қолдайсыздар деген ойдамын», — дейді тележүргізуші.


Иә, елбасының кеткенін ауыр қабылдағандардың бірі — Сәкен Майғазиев. «Музарттық» сері жаңалықты естігенде абдырап қалғанын жасырмайды. 

«Бірнеше минөт көзіммен жер шұқып, бір нүктеге қадалып қалдым. Әлем санасқан, саясат сахнасында салмағы басым санаулылардың санатындағы ЕЛБАСЫмызға деген қимастық сезімі өз басымда басым болып тұр. АЛЛА тағала елдің пейіліне қарай патша береді дейді. Нұрсұлтан Әбішұлының дұрыс шешім қабылдауын ЖАРАТУШЫдан жалбарынып тілейік. АЛЛАның қолдауымен, бейбітшіліктің бесігінде тербеткеніңіз үшін, ҚАЗАҚ халқы жолында еткен еңбектеріңіз үшін мың алғыс!» — дейді ол. 


Жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақат болса елбасымен кездескен күндерін еске алды. 



Продюсер Алуа Қонарова бойын қорқыныш сезімі билегенін айтады. 


«Қанша дегенмен ол біздің туған әкеміздей. Оның кезінде көп нәрсе өзгерді. Шекарамыз кеңейді. Ол 1-ші және солай болып қала бермек. Енді алаңдап қалдық», — дейді ол. 

Белгілі сылқымдардың бірі Айдана Меденова да продюсермен келіседі.


Алтынай Жорабаева болса өзіне жекелей құрмет көрсеткен елбасына бір емес, үш бірдей пост арнады. 

«Раxмет сізге, тұңғыш президентіміз. Біз егемен елімізбен бірге өстік, жастығымыз елбасымызбен бірге есейді. Ел үшін еңбегі ерен. Бүгінгі шешімі үлкен ерлік. Қимастық сезімі көзден жас болып шыққанын сезбей қалдық. Иесіз елде қалғандай сезім болды.

Бүгінге дейінгі еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды. Ал ертеңіміз Аллаға аманат! Ертең елді басқарсын қай мұсылман, ол үшін де қасқайып тұра аламыз.

Патшаны Алла таңдайды. Бастысы еліміз тыныш болсын. Алла хайырын берсін, дұғада болайық», — дейді Алтынай.


 




stan.kz