ертеңге арналған ауа райы болжамы

0

Ауа райы қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар тасжолында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Ал ертеңге болжам қандай болады екен?

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болатындықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады, бірақ аяздың беті қайтпайды.

Тек еліміздің солтүстігі, оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс өңірлерінің кей жерлерінде қар жауып, бұрқасындатып, тұман түседі. Бұған қоса, көктайғақ болып, жел күшейе түседі.

Дабылды ескерту

Түркістан облысының кей аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ, бұрқасындатып, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Өңірлердегі ауа райы

Қазір республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күн минус 32 градусқа дейін суытты.

Енді оңтүстік аймақтарда де қар жауып, бұрқасындатады. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы төмендейді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады. Жел 15-20 м/с дейін күшейіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Тағы оқыңыз: Фотофакт: елордада 30 градус аязда жейдемен жүрген ер адам жұртты таңғалдырды

Қызылорда облысының кей аумақтарында тұман түседі, жел күші — 15-20 м/с.

Ал Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында, түнде Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Мегаполистердегі ауа райы

Шымкентте күн алабұлтты, ара-тұра жаңбыр жауады, кешке қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз және түнде температура 0-ден +3 градусқа дейін құбылады деп күтілуде.

Алматыда күн бұлтты, таңертең және кешке қар жауады. Күндіз күн ашық. Ауа температурасы минус үштен плюс бір градусқа дейін, ал түнде минус 5-8 градусқа дейін құбылады.

Ал Нұр-Сұлтанда күн жауын-шашынсыз, ашық болады. Кешке қарай бұлтты ауа райы қалыптасады. Күндіз — 16-20 градус суық, түнде — 24 градус аяз.



sputniknews.kz