Ертең бірнеше өңірде бұрқасын болады

0
21 Желтоқсан 2018, 22:32 146 0

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 22 желтоқсан күніне арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің болжамы бойынша, ертең еліміздің бірқатар өңірлерінде бұрқасын болып, жел күшейеді.

«22 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, баяу бұрқасын, күндіз көктайғақ сақталады. Кей жерлерде шығыстан 15-20, күндіз екпіні 23 м/с желдің күшеюі күтіледі. Ал Шымкент қаласында тұман түсуі ықтимал. Сондай-ақ дәл осы күні Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. 22-24 желтоқсанда Қызылорда облысында солтүстік, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел болып, тұман түседі. Жолдар көктайғақ болады», делінген «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ