Ертең Астана мектептері мен 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды


Астана, BAQ.KZ. Ертең Астана мектептері мен 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды. Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы хабарлады.
«25.12.2018 жылы ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші және екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды» — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына қатысты дабылды ескерту жарияланғанын және алдағы үш күнде аяздың беті қайтпайтынын хабарлаған болатынбыз.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ