Домой Жаңалықтар Ернар Айдарға достары туған күнінде ерекше тосынсый жасады (видео)

Ернар Айдарға достары туған күнінде ерекше тосынсый жасады (видео)

0
11278

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ернар Айдар 31 жасқа толды. Әншіні туған күнімен алғашқылардың бірі болып жақын достары құттықтаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесінің достары оған күтпеген жерден тосынсый жасап, әртісті қатты қуантқан. Ерекше сәттің видеосын Ернар Айдардың өзі Instagram парақшасында бөлісті. Онда бір топ жігіттің әнші тоқтаған қонақ үйге келіп, оны сағат түнгі он екіден кейін бірінші болып құттықтағанын көруге болады. Ернардың жақындары оны мерекелік тортпен, әнмен қарсы алған. Кейін барлығы бірге далаға шыққанда шоу-бизнес өкілін тағы бір тосынсый күтіп тұрды. Ернар Айдардың достары оның құрметіне отшашу атып, туған күн иесіне керемет көңіл-күй сыйлаған. «Отыз бірінші көктемім, қош келдің. Осындай тосынсый жасаған достарыма көп рахмет. Баршаңызға алдын ала рахмет», — деп жазды ол.