Ернар Айдар заңсыз лотерея ұйымдастырды деген күдікке ілінді

0
3

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

21 0 0

Ұтыс ойынына қатысу үшін 20 мыңнан аса қазақстандық лотерея билетін сатып алған. Ұтысқа ие болатын лотереялардың нөмірі алдын ала енгізіліп қойған

АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Алматы экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері заңсыз лотерея өткізу кезінде алаяқтық жасады деген күдікті адамдардың қызметін тексеріп жатыр. Lux автокөлік пен пәтер тігіп, ұтыс ойынын ұйымдастырды деген күдікке ілінгендер қатарында қазақстандық әнші Ернар Айдар да бар.

Департаменттің жедел қызметкерлерінің мәліметі бойынша, Ернар Айдар өзінің таныстарымен бірге әлеуметтік желіде жалған лотерея өткізді, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Жүлдеге екі седан, екі джип, Алматыдан пәтер, сондай-ақ, түрлі тұрмыстық техника қойылған.

«Лотереяны ұйымдастырушылардың меншігінде мұндай жүлде болмаған, олар адамдарды алдау және қатысушыларды сендіру үшін жеке тұлғалардан төрт автокөлікті жалға алған. Интернетте жарнама арқылы 20 000 лоторея билеті сатылған, әр билеттің құны – 9 900 теңге. Кездейсоқ сан арқылы жеңімпазды анықтауға арналған қосымшаға ұтысқа ие болатын билеттер нөмірі алдын ала енгізіліп қойған», – делінген хабарламада.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандарға тағылған айып қылмыстық кодекстің 190-бабы («адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған алаяқтық») деп өзгертіледі. Бұл бап бойынша ұсталғандарға мүлкі тәркіленіп, төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Ернар Айдар және тағы 12 адам тікелей эфирде ұтыс ойнатып жатқан кезінде ұсталғаны белгілі болды. Сол кезде полиция оларды төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.



sputniknews.kz