Ернар Айдар хайп үшін бәріне баратын қыздарды сынады

0

Отандық эстраданың жарық жұлдызы Ернар Айдар қазіргі уақытта хайп үшін бәріне баратын қыздарды сынап тастады. Бұл туралы әнші «Алматы» телеарнасындағы «Әңгіме болсын» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

«Қазір хайпты шектен тыс қолданып жатқандар бар. Негізгі жағын қыздарға айдарғым келеді. Жігіттерде де кемшілік бар шығар, бірақ өнер жолына келген кезде қыздар ашылып-шашылып кетті ғой. Болмай кетті. Соны бір хайп деп көріп, сол арқылы танылады. Біреудің айтқан сөзін де, ақылын да тыңдмамайды, мойындамайды», — дейді әнші.

Сондай-ақ, сахна серісі қыздарға ақыл айтудан пайда жоқ екенін жеткізді.

«Кейде ашуың келеді, айтқың келеді. Бірақ, ата-анасы оны сол жолдан қайтара алмады, ортасы қайтара алмады. Оның болмысы солай болса, сана-сезімі солай болса, менің бір ауыз сөзімнен қайтып кетпейтін шығар», — дейді Ернар Айдар.

Оның сөзінше, хайптың соңынан жүргендерге мүлде назар аудармау қажет екен.

«Біреудің ісі ұнамай ма, оны елеусіз қалдыр дейді. Оны елеусіз қалдыр, пікір де жазба. Ашуланба, қарама, өтіп кет. Сонда ол өзінің керек емес екенін түсінеді»,- деп сөзін қорытындылады әнші.