Оппозициялық басылымның басшысы Ермұрат Бапи телеарна эфирінде төбелес шығарды (видео)

0

31 арна эфиріндегі «Неге» саяси ток-шоуына қонаққа келген Ермұрат Бапи төбелес шығарды. Оған келесі бір спикер Тазабек Сәмбетайдың сөзін көтере алмауы себеп болуы мүмкін.

Хабардың ресми каналына жүктелген видеодан төбелестің жүргізуші Е.Көпжасардың Ермұрат Бапидан «ЖСДП-ны 200 мың АҚШ долларына сатқаныңыз рас па?» деген сұрағынан басталғанын көруге болады.

Журналисттің айтуынша, қонақтар арасындағы дау эфир біткен соң да жалғасқан көрінеді. Абырой болғанда, екеуі де дін-аман үйлеріне қайтқан. Екі саясаткердің төбелесі рейтинг үшін жасалған “әдіс-тәсіл” ме деген сұрағымызға:

“Біз күтпеген жағдай. Қорыққан мен қуанған бірдей демекші, не істерімді білмей қалдым. Біреулер арнайы қойылған “қойылым” деп жатыр. Бұл қисынға келмейді. Екеуі де “қойылым” үшін сатып алуға келмейтін саясаткерлер. Оның үстіне бұл рейтингке арналмаған бағдарлама емес. Толық нұсқасын көру керек”, – дейді Ерқанат Көпжасарұлы.