Ермұрат Бәпи колонияда жатқан Марғұлан Боранбаймен кездесті
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Өскемендегі N17 колонияда жатқан белсенді Марғұлан Боранбаймен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Ермұрат Бәпи ағам екеуміз Өскемен N17 колониядағы досымыз, ұлтжанды, пікірлес Марғұлан Боранбайға кездесуге бардық. Дені сау, рухы мықты, барлық достары мен серіктестеріне сәлем жолдайды”, – деп жазды Мәмбеталин.
Айта кету керек, Ермұрат Бапи Марғұлан Боранбаевты бостандыққа шығаруды сұраған еді.
“Анығында, бұл азаматтар “ұлтаралық араздықтан” бұрын, қазақ халқының намысын жыртып, ұлттық мүддені қорғап, әлеуметтік желілердегі сепаратистік көзқарастарға қарсы шыққаны үшін сотты болды. Бұл жігіттерге өрескел қиянат жасалды”, – деген еді депутат.
2022 жылдың 14 наурызында Алмалы аудандық соты Марғұлан Боранбай мен Данат Намазбаевты әлеуметтік желілердегі жазбалары үшін бес жылға бас бостандығынан айырды.
Намазбаев Ресей саясаткерлерінің Қазақстанға қарата айтылған агрессивті шабуылдарына қарсы шығып, Ресеймен интеграцияның күшеюін сынаған. Сондай-ақ Ресейдің Украинаға басып кіргенін айыптады