Ермек Тұрсынов Татарстан киносы туралы айтты
«Еуразия» кинофестивалі аясында жергілікті көрермен татарстандық екі толықметражды және екі қысқаметражды фильм тамашалай алады
НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. 15-ші халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында Татарстан киносы күндері басталды.
Сейсенбі күні Рабит Батулланың «Кешір мені, ана» атты пьесасының желісі бойынша түсірілген «Инсаф» толықметражды көркем фильмінің көрсетілімі өтті. Режиссері — Фарида Давлетшина. Сондай-ақ, киносүйер қауым Гаяз Исхаки туындыларының негізінде түсірілген «Остазбикэ» қысқаметражды фильмін тамашалады. Туындыны режиссер Ренат Каримов-Сайга түсірген.
Жұма, 5 шілдеде режиссер Юлия Захарованың «Халима» және Амир Галиаскаров пен Насур Юрушбаеваның «Отчий дом» көркем фильмі көрсетіледі («Ханшатыр» ОСО, «Чаплин» кинотеатры, Тұран даңғылы, 37).
©
Sputnik / Ксения Воронина
Режиссер Ермек Тұрсынов Татарстан киносы фестивалінде
«Татарстанмен бұрыннан бері жақсы қарым-қатынас қалыптасқан. Сондықтан бізде татар киносы күндерін өткізу артық болмайды деп шештік. Татарстанның киноиндустриясы қызық, көрсетерлік туындылары жетерлік. «Татарлармен» мұнда ешкімді таңғалдырмаймыз, бірақ қуантамыз деп ойлаймын», — деді «Еуразия» кинофестивалінің президенті Ермек Тұрсынов.
Тағы оқыңыз: Еуразия кинофестиваліне Голливуд жұлдызы келеді
Оның айтуынша, биыл «Еуразияға» деген қызығушылық арта түскен.
sputniknews.kz