“Ерлік жасағандай” — Қошанов Министрді сынап тастады

0

Бүгінгі мәжіліс отырысында төраға Ерлан Қошанов премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровты сынның астына алды.

Депутат Үкімет Парламенттің қатысуынсыз бюджетке тоғыз түзету енгізгенін айтып, соған байланысты болған өзгерістерді сұраған. Алайда Нұрлан Байбазаров тоғыз емес, он түзету болғанын айтып, жауап берді. Осы диалогка көңілі толмаған Қошанов:

«Бюджетке он рет өзгерту жасадық деп ерлік жасағандай айтып отырсыз. Ай сайын бюджетке өзгеріс енгізіліп отырған. Яғни бюджеттік тәртіп ақсап жатыр деген сөз. Солай ғой?! Депутаттың сұрағы дұрыс. Үкімет қаперіне алуы керек», — деді Қошанов.

фото: inbusiness.kz