Ерлі-зайыптылар үш зейнеткерді «асырап алған»

0
160
pasja1000

Ресейлік отбасы үш зейнеткерді қарамағаны алған. Аталған жағдай Башқұртстанда болған.

RT басылымының мәліметінше, ерлі-зайыптылар отбасыларға егде жастағы адамдарды қамқорлыққа алуға рұқсат беру туралы ресейлік жаңа заңға сәйкес, зейнеткерлерді қарауына алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Светлана мен Альфир өз үйлерінде тек екеуі ғана тұрады. Балалары есейіп, өз беттерімен кеткен. Өздеріне ұнайтын іспен айналысу әрі сауапты іс жасау мақсатында олар екі әже мен бір атаны қамқорлыққа алған. Светлана оларды күтіп, денсаулықтарына қарайды. Әрқайсысына өзіндік әдіс-тәсілмен қарайды.

«Асыранды» зейнеткерлер соғысқа қатысқан азаматтар.

Светлананың айтуынша,  зейнеткерлер ата-анасындай болып кеткен. Ерлі-зайыптылар оларға барынша жақсы қарым-қатынас жасайды, тіпті мінездерін біліп алған. «Асырап алынған» зейнеткерлер жаңа отбасындағы жағдайға өте қуанышты.