«Ерлі-зайыптылар бір-бірінен демалып тұруы керек»: Мархаба Сәби трендке айналған әндерінің тарихын айтты
Әлеуметтік желіде кеңінен таралған “Қыз-бозбала”, “Демалам” әндерінің авторы, сазгер Мархаба Сәби хитке айналған туындының тарихын баяндады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер өкілі “1001түн” бағдарламасында қонақ болып, шығармашылығы жөнінде ой қозғады.
«Ер адам, әйел адам деп көп бөле бермей, бір-бірін бағалап, еркелетіп жүрсінші деген ниетпен «Қыз-бозбала» әнін шығардым. 30-да болсын, 40-та болсын, адамның көңілі бозбаланыкіндей болып қалады дегенді жеткізгім келді. Үйде бір-бірімізге ауыр сөздерді көбірек айтатын сияқтымыз. «Сен кінәлісің», «Сенің кесірің» деп емес, «Арыстаным», «Аққуым» деп жиі айтайықшы деген нәрсені үндегім келді», – деді әнші.
Сондай-ақ, Мархаба Сәби YouTube желісінде бір айда 3,2 миллион рет тыңдалған туындысы арқылы отбасы құндылығын да насихаттағысы келіпті.
«Демалам» әні алдыңғы әнімнің жалғасы іспеттес. Ерлі-зайыптылар бір-біріне демалыс, еркіндік беріп тұруы керегін еске салғым келді», – деді сазгер.
Айта кетейік, өнер иесі оқуын тастап кеткенінмойындаған еді.