ерлі-зайыпты күтпеген жерден мол байлыққа кенелді

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Олар тауып алған қазынаның құны 2 миллиард 350 миллион теңге шамасында бағаланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Ұлыбританияда ерлі-зайыпты мың ғасырлық тарихы бар құнды 2571 күміс тиын тауып алды, деп жазады DailуMail.

Үлкен олжаға кенелген ерлі-зайыпты Англиядағы Сомерсет графтығында тұрады. Олар тауып алған монеталар жергілікті ферманың аумағында мың жылдан астам уақыт жатқаны белгілі болды.

Кенеттен байып шыға келген Адам Стейплс пен Лиза Грейс мұндай мүмкіндік өмірде бір-ақ рет берілетінін айтады. Олар тиындарды осыдан 7 ай бұрын тауып алған. Осы уақыт аралығында монеталарға Лондондағы музейлердің бірінде сараптама жасалды. 


©
Photo : DailуMail

Ұлыбританияда ерлі-зайыпты мың ғасырлық тарихы бар 2571 күміс тиын тауып алды

Мамандар 2571 күміс тиынның Англия королі Гарольд II Годвинсонның кезінде шығарылғанын анықтады. Ол 1066 жылы елді 9 ай ғана басқарған, бұл тиындардың тарихи құнды екенін білдіреді.

Монеталардың нарықтағы жалпы бағасы 5 миллион фунт стерлинг (шамамен 2 миллиард 350 миллион теңге — Sputnik) болуы ықтимал.

Сарапшылардың есебі бойынша табылған 1 монетаның құны – 1000-5000 (470 мың-2 млн 350 мың шамасында) фунт стерлинг аралығында болуы мүмкін.

Егер табылған тиындар музей үшін маңызды болса, олар ерлі-зайыпты мен қазына табылған жердің иесіне қомақты ақша төлейді. Музей алмаса, олар құнды монеталарды аукционда сата алады.



sputniknews.kz