Ерлер де жылайды: Назарбаев президенттіктен кеткенде қай министрлер егіліп жылады — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатам дегенде министрлер мен шенеуніктердің кейбірі егіліп жылады.

Ерлер де жылайды: Назарбаев президенттіктен кеткенде қай министрлер егіліп жылады

Кейбірі өзін жетім қалғандай сезінуде. Ал, енді бірі әлі өзіне келе алмай жүр, деп хабарлайды 31 арна.

«Қимастық сезім болды. Көзіме жас келді. Шын айтам», — деді Гүлшара Әбдіхалықова. 

Ал, Дәурен Абаев өзін жетім қалғандай езініп жүр. 

«Жетім қалғандай күй кештім. Басқаларын білмеймін, мен өзім сондай күйде болдым», — дейді Дәурен Абаев. 

Гүлжан Қарағұсова елбасын әкесіндей санайтынын айтты. 

«Ол кісі менің әкем секілді. Іштей жыладым десем де болады. Мен көптен бері жыламап едім», — дейді Гүлжан Қарағұсова. 

«Мұның қалай болғанын бәрінің есінде шығар», деді Азат Перуашев елбасының президенттікке келгенін еске ала. 

Перуашев сөзін аяқтай алмай көзіне жас келді. 

«Қимай тұрмын» деп қысқа қайырды. 

Ал, Қанат Бозымбаев «Мен ер адаммын ғой, не үшін жылаймын?», — деді.


Нұрсұлтан Назарбаев қазір қандай өкілеттікке ие

 

 

stan.kz