Ерлан Тұрғымбаев Заречный түрмесінде болған жайт туралы айтты

0
140

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Алматы облысының Заречный кентіндегі түрмеде сотталғандарға зорлық-зомбылық көрсету фактілері жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Заречный түрмесінде болған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«26 шілдеде әлеуметтік желілерде видео таралып кетті. Онда Алматы облысының Заречный кентіндегі түрмеде сотталғандарға зорлық-зомбылық көрсету фактілері жарияланған. Мен бірден қызметтік тексеріс жібердім. Колонияға ішкі қауіпсіздік мамандары барды», – деді Тұрғымбаев.

Министрдің айтуынша, осы уақытқа дейін 40 видео мен аудио жазба зерделеніп, сотталғандарға зорлық көрсету фактілері расталды. Кеше тәртіптік комиссияның шешімімен 14 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды. Олардың ішінде 7-і ішкі істер органдарынан шығарылды. Түрменің екі орынбасары мен мекеме бастығы да жұмыстан босатылды.

Тағы оқыңыз: Жынысын ауыстырған жігітті түрмеде зорлады

«Кеше шұғыл шаралар барысында мекеменің 5 қызметкері ұсталып, екі қылмыстық іс қозғалды. Сол бес адамның ішінде түрме бастығының орынбасары да бар. Тергеу жалғасуда, екі күннің ішінде тиісті шара қабылданады. Шыны керек, ондай факт қылмыстық атқару жүйесі үшін масқара. Біз басқа мекемелерді де тексеретін боламыз», – деді Тұрғымбаев.



sputniknews.kz