Ерлан Серікжанов алтын медаль жеңіп алды

0

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Біріккен Араб Әмірліктерінде дзюдодан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы алғашқы күннен-ақ бірнеше медальді қанжығасына байлады, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитет.

Головкин бірде-бір рет жеңілмеген боксшымен жұдырықтасады

Әйелдер арасында 48 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде Галбадрах Отгонцэцэг қытай қызы Янан Лиден жеңіліп қалды, тағы бір қазақстандық Ақмарал Науатбек бесінші орынға табан тіреді.

Ильиннің жаттығу кезіндегі түрін көріп жанкүйерлері шошып кетті — фото

Ерлер арасында 60 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев үшінші орын алды.

Қазақстандық дзюдошы қыз Севара Нишанбаева 57 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде үздік ойын өрнегін көрсетіп, қола жүлдені иеленген.

Жәнібек Әлімханұлы екі чемпиондық титулды жеңіп алды — видео

66 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде Ерлан Серікжанов пен Елдос Жұмақанов арасындағы жекпе-жекте Ерлан жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды. Ал Жұмақанов иығынан жарақат алып, татамиге шықпады.

Бірінші күннің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын, екі күміс және екі қола бар.

Дзюдодан екі дүркін Қазақстан чемпионы көз жұмды



sputniknews.kz