Ерлан Қошанов: Парламент отырысына келетін меморган басшыларының дайындығы өте төмен
Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты.
«Жалпы отырыстарға, жұмыс топтарына келетін мемлекеттік органдар басшыларының дайындығы төмен. Жауаптарының сапасы сын көтермейді», — деді Ерлан Қошанов.
Мәжіліс төрағасы бұл депутаттық сауалға берілетін жауаптарға да қатысты екенін баса айтты.
«Біз депутаттық сауалда халықты толғандыратын өзекті мәселелерді көтеріп, сайлаушылардың тілегі мен аманатын жеткіземіз. Өкінішке қарай, бізге толық жауаптың орнына жалпылама, сырғытпа жауаптар ғана келеді. Егер бұл жағдай жалғаса берсе, болашақта депутаттық сауалға ауызша жауап беру үшін Үкімет мүшелерін арнайы шақыртуға мәжбүр боламыз. Бұл біздің регламентте қарастырылған», — деді Мәжіліс спикері.