Ерлан Қошанов коронавирустан жазылып, жұмысқа шықты

0

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов COVID-19 вирусынан айықты.

«Жазылып шықты, жұмыста. Мәжілістің жалпы отырысын жүргізіп жатыр», — деген хабар алдық Мәжілістің баспасөз қызметі өкілінен. 

Палата баспасөз қызметінің мәліметінше, Ерлан Қошанов КВИ-ден емделіп, өткен аптадан бастап жұмысқа шыққан.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың коронавирустан емделіп жатқанын хабарлаған едік.

Бүгін Парламент Мәжілісінің қарауына ҚР Су кодексінің жобасы мен ілеспе заң жобасы келіп түсті.