Ерлан Қариннің желідегі парақшасына шабуыл жасалды

0

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин желідегі парақшасына белгісіз адамдардың шабуыл жасағанын мәлімдеді.

– Соңғы бірнеше апта қатарынан ресми аккаунттарды бұзу және жалған аккаунттарды құру жағдайлары жалғасуда. Зиянкестердің құрбандарының арасында көптеген танымал тұлғалар – бизнесмендер, блогерлер, қоғам қайраткерлері және тағы басқалар бар. Өкінішке қарай, менің атымнан Telegram-дағы достарым мен таныстарыма қаржылық мәселе бойынша түрлі жалған өтініштер түсе бастады. Баршаңызды бұл жалған ақпарат екенін хабарлаймын, – деп ескертті Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесші қазақстандықтарды қырағы болуға шақырды.