Ерлан Қарин вакцинаның екінші дозасын салдырды

Сурет: informburo.kz/ сайтынан алынды
Ерлан Қарин қазақстандық ғалымдар дайындаған вакцинаның екінші дозасын салдырады.
«Бүгін QazCovidIn вакцинасын екінші рет салдырамын. 21-22 күннен кейін екінші рет егілу қажет», — деп жазды Ерлан Қарин Facebook-парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың 25 желтоқсанында ҚР Президентінің көмекшісі Е.Қарин клиникалық зерттеуден тыс өз келісімімен QazCovid-in вакцинасын салдырған еді. 2020 жылдың 19 желтоқсанда ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты ғалымдары әзірлеген QazCovid-in вацинасына клиникалық сынақтың ІІІ фазасы басталды.
Жалпы клиникалық сынақтың I және II фазасына 244 қазақстандық қатысты. Зерттеудің алдын ала нәтижелері вакцинаның жоғары қауіпсіздігін, иммуногенділігін және тиімділігін көрсетті. ІІІ фазаға 3 мың ерікті қатысуда. Зерттеудің барлық қатысушыларына бірреттік сыйақы мен медициналық сақтандыру төленеді.