«Еркін сөз»-2019 шығармашылық байқауы

0

2019 жылдың 15 мамырынан бастап «Түркітілдес журналистер қоры» Қоғамдық қорының «Халық банкі» АҚ қаржылай қолдауымен өткізетін «ЕРКІН СӨЗ»-2019 шығармашылық байқауына материалдар қабылдау басталды. Байқауда бақ сынайтын БАҚ өкілдері отандық қаржы саласы, банк жүйесі мен қаржылық құрылымдар, несие түрлері, банк өнімдері, қаржылық сауаттылық т.б. қаржы мен банктерге қатысты материалдарын 2019 жылдың 05 тамызына дейін тапсыруы шарт. «Үздік мақала», «Сайттағы үздік мақала», «Үздік телесюжет» атты үш номинация бойынша ұйымдастырылатын Байқаудың сыйақы қоры – 4 миллион теңгеге жуық. Оның ішінде, Бас жүлде – 700 000 теңге, І орын – 300 000 теңге, ІІ орын – 200 000 теңге, ІІІ орын – 100 000 теңге. Жеңімпаз журналистерге Марапаттау салтанатында қаржылай сыйақымен қатар заттай сыйлықтар табысталады.                                                                                                                                                                                                                                                           

«ЕРКІН СӨЗ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ-2019

  1. Жалпы ережелер

  1. «Еркін сөз» журналистер арасында өтетін байқауы (бұдан әрі – Байқау) журналистердің шығармашылық әлеуетін ашу және ынталандыру мақсатында өтеді.
  2. Байқаудың міндеттері:

Қазақ журналистерінің кәсіби біліктілігін көтеру;

Жас журналистерді ынталандыру;

  1. Сыйлықтарды тағайындау және дипломдар мен бағалы сыйлықтарды тапсыру Ақпарат және байланыс қызметкерлері күнімен сабақтастырылады.
  2. Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.
  3. Байқау комиссиясының құрамына белгілі журналистер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіре алады.
  4. Байқау комиссиясы сыйлықақы алуға талпынушылар мен дипломдар мен бағалы сыйлықтар алушыларды іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:

материалдардың объективтілігі;

кәсіби шеберлігі;

мәселенің қойылуы және оны жан-жақты ашып көрсету;

материалдар туғызған қоғамдық резонанс;

жұмыстардың шығармашылық толымдығы;

  1. Байқауды өткізуді үйлестіру.

Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру  «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті  бекітетін байқаудың ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.

  1. Ашықтық.

Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже БАҚ-та жарияланады.

  1. Жеңімпаздар келесі байқауға 2 жылдан кейін ғана қатысуға құқылы.

  1. Байқауға қатысу шарттары

  1. Байқауға қатысушылар.

Байқауға қатысуға  барлық БАҚ журналистері шақырылады.

  1. Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы.

Байқауға қатысуға қаржы құрылымдары, ҚР Ұлттық банкі, еліміздегі жекеменшік банктер, ипотека, несие т.б. қаржы саласына қатысты материалдар қабылданады.

2019 жылғы 01 қаңтарынан 2019 жылдың 05 шілдесі аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан видеосюжеттер мен материалдар (очерк, сұхбат, мақала, журналистік зерттеу) қабылданады.

  1. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар.

А). Жарияланымдар Байқауға ұсынылатын материал шыққан басылым немесе Pdf нұсқасы және материалдың Word нұсқасы түрінде ұсынылуы тиіс.

Ә). Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (flash-тасымалдаушыларында) немесе электронды поштаға сілтеме түрінде ұсынылуы тиіс.

Б). Электрондық БАҚ (сайттар мен порталдар) журналистері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.

В): Байқауға материал ұсынатын қатысушы 3Х4 суретімен бірге аты-жөні, ұялы телефон нөмірі, электронды пошта адресі мен редакциясының атауын толық көрсетіп, erkinsoz2019@gmail.com электронды поштасына жолдауы шарт.

Материалдар мемлекеттік  тілде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2019 жылдың 05 тамызы, сағат 20:00-ге дейін.

Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналистің 3х4 см. мөлшеріндегі фотосуреті, ақпараттық материалдар тізімі.

  1. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны.

Бір журналист ұсынатын материалдардың саны 1-ден аспайды.

  1. Жұмыстар байқаудың Ұйымдастыру комитетіне хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.

  1. Байқаудың өту кезеңдері

  1. Алғашқы кезең.

Алматы қаласында Баспасөз мәслихаты өткізіліп, БАҚ өкілдеріне байқауды өткізу туралы және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру жарияланады.

  1. Байқауды өткізудің негізгі кезеңі.

Байқау материалдары байқаудың Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына 2019 жылдың 05 маусымына дейін келіп түседі. Байқауға берілген өтініштерді қараудың регламентін Байқау комиссиясы белгілейді. Байқау комиссиясы өз жұмысының нәтижесі бойынша байқау лауреаттарын айқындайды.

  1. Қорытындылау.

Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойынша байқауды жалпы қорытындылау шеңберінде іске асырылады:

  1. Үздік видеосюжет (телевидение);
  2. Үздік мақала (газет);
  3. Сайттағы үздік мақала.
  4. Жеңімпаздарды марапаттау.

  1. Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы

  1. Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттар назарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестік; жаңашылдық; мәселені талдаудың тереңдігі; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы; авторлық тұжырымдаманың дербестігі; жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі; сыртқы безендірілуі.

  1. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері

  1. Ұйымдастыру комитеті:

байқау туралы осы ереженің талаптарына сәйкесіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді байқауға қабылдамауға;

қандай да бір үміткерге қатысты байқау комиссиясының мүшесі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған кезеңде байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.

  1. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;

байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.

  1. Байқау комиссиясының құқықтары мен міндеттері

  1. Байқау комиссиясы мыналарды іске асыруға құқылы:

Байқауға түскен материалдарға баға беру;

жеңімпаздарға сыйлықтар тағайындай отырып, байқауды қорытындылау.

  1. Байқау комиссиясының міндеттері:

Байқау комиссиясы мүшесінің байқауға қатысуына жол берілмейді.

  1. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

  1. Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:

байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттар алу;

ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің тармақтарына түсіндіруді сұрау;

байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.

  1. Байқауға қатысушылардың міндеттері:

Байқаудың мән-жайымен алдын-ала танысу, Байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеу;

осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;

осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.

  1. Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:

материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;

осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтамағаны үшін.

  1. Медиа ресурстар

Байқауға ақпараттық қолдау жасауды  ақпараттық серіктестіктер қамтамасыз етеді.

  1. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты

Байқаудың ұйымдастыру комитеті: , Алматы қаласы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ, Алматы қаласы, 050008, Жароков көшесі, 39 А (Қабанбай батыр көшесінің қиылысы). Байланыс телефоны: + 7 778 878 34 08; электронды пошта:  erkinsoz2019@gmail.com

«ЕРКІН СӨЗ»-2019 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ    

2019 жылдың 15 мамырынан бастап «Түркітілдес журналистер қоры» Қоғамдық қорының «Халық банкі» АҚ қаржылай қолдауымен өткізетін «ЕРКІН СӨЗ»-2019 шығармашылық байқауына материалдар қабылдау басталды. Байқауда бақ сынайтын БАҚ өкілдері материалдарын үстіміздегі жылдың 05 тамызына дейін тапсыруы шарт. «Үздік мақала», «Сайттағы үздік мақала», «Үздік телесюжет» атты үш номинация бойынша ұйымдастырылатын Байқаудың сыйақы қоры – 4 миллион теңгеге жуық. Оның ішінде, Бас жүлде – 700 000 теңге, І орын – 300 000 теңге, ІІ орын – 200 000 теңге, ІІІ орын – 100 000 теңге. Жеңімпаз журналистерге Марапаттау салтанатында қаржылай сыйақымен қатар заттай сыйлықтар табысталады.                                                                                                                                                                                                                                                           

«ЕРКІН СӨЗ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ-2019

  1. Жалпы ережелер

  1. «Еркін сөз» журналистер арасында өтетін байқауы (бұдан әрі – Байқау) журналистердің шығармашылық әлеуетін ашу және ынталандыру мақсатында өтеді.
  2. Байқаудың міндеттері:

Қазақ журналистерінің кәсіби біліктілігін көтеру;

Жас журналистерді ынталандыру;

  1. Сыйлықтарды тағайындау және дипломдар мен бағалы сыйлықтарды тапсыру Ақпарат және байланыс қызметкерлері күнімен сабақтастырылады.
  2. Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.
  3. Байқау комиссиясының құрамына белгілі журналистер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіре алады.
  4. Байқау комиссиясы сыйлықақы алуға талпынушылар мен дипломдар мен бағалы сыйлықтар алушыларды іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:

материалдардың объективтілігі;

кәсіби шеберлігі;

мәселенің қойылуы және оны жан-жақты ашып көрсету;

материалдар туғызған қоғамдық резонанс;

жұмыстардың шығармашылық толымдығы;

  1. Байқауды өткізуді үйлестіру.

Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру  «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті  бекітетін байқаудың ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.

  1. Ашықтық.

Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже БАҚ-та жарияланады.

  1. Жеңімпаздар келесі байқауға 2 жылдан кейін ғана қатысуға құқылы.

  1. Байқауға қатысу шарттары

  1. Байқауға қатысушылар.

Байқауға қатысуға  барлық БАҚ журналистері шақырылады.

  1. Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы.

Байқауға қатысуға қаржы құрылымдары, ҚР Ұлттық банкі, еліміздегі жекеменшік банктер, ипотека, несие т.б. қаржы саласына қатысты материалдар қабылданады.

2019 жылғы 01 қаңтарынан 2019 жылдың 05 шілдесі аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан видеосюжеттер мен материалдар (очерк, сұхбат, мақала, журналистік зерттеу) қабылданады.

  1. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар.

А). Жарияланымдар Байқауға ұсынылатын материал шыққан басылым немесе Pdf нұсқасы және материалдың Word нұсқасы түрінде ұсынылуы тиіс.

Ә). Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (flash-тасымалдаушыларында) немесе электронды поштаға сілтеме түрінде ұсынылуы тиіс.

Б). Электрондық БАҚ (сайттар мен порталдар) журналистері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.

В): Байқауға материал ұсынатын қатысушы 3Х4 суретімен бірге аты-жөні, ұялы телефон нөмірі, электронды пошта адресі мен редакциясының атауын толық көрсетіп, erkinsoz2019@gmail.com электронды поштасына жолдауы шарт.

Материалдар мемлекеттік  тілде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2019 жылдың 05 тамызы, сағат 20:00-ге дейін.

Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналистің 3х4 см. мөлшеріндегі фотосуреті, ақпараттық материалдар тізімі.

  1. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны.

Бір журналист ұсынатын материалдардың саны 1-ден аспайды.

  1. Жұмыстар байқаудың Ұйымдастыру комитетіне хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.

  1. Байқаудың өту кезеңдері

  1. Алғашқы кезең.

Алматы қаласында Баспасөз мәслихаты өткізіліп, БАҚ өкілдеріне байқауды өткізу туралы және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру жарияланады.

  1. Байқауды өткізудің негізгі кезеңі.

Байқау материалдары байқаудың Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына 2019 жылдың 05 маусымына дейін келіп түседі. Байқауға берілген өтініштерді қараудың регламентін Байқау комиссиясы белгілейді. Байқау комиссиясы өз жұмысының нәтижесі бойынша байқау лауреаттарын айқындайды.

  1. Қорытындылау.

Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойынша байқауды жалпы қорытындылау шеңберінде іске асырылады:

  1. Үздік видеосюжет (телевидение);
  2. Үздік мақала (газет);
  3. Сайттағы үздік мақала.
  4. Жеңімпаздарды марапаттау.

  1. Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы

  1. Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттар назарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестік; жаңашылдық; мәселені талдаудың тереңдігі; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы; авторлық тұжырымдаманың дербестігі; жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі; сыртқы безендірілуі.

  1. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері

  1. Ұйымдастыру комитеті:

байқау туралы осы ереженің талаптарына сәйкесіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді байқауға қабылдамауға;

қандай да бір үміткерге қатысты байқау комиссиясының мүшесі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған кезеңде байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.

  1. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;

байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.

  1. Байқау комиссиясының құқықтары мен міндеттері

  1. Байқау комиссиясы мыналарды іске асыруға құқылы:

Байқауға түскен материалдарға баға беру;

жеңімпаздарға сыйлықтар тағайындай отырып, байқауды қорытындылау.

  1. Байқау комиссиясының міндеттері:

барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.

Байқау комиссиясы мүшесінің байқауға қатысуына жол берілмейді.

  1. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

  1. Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:

байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттар алу;

ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің тармақтарына түсіндіруді сұрау;

байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.

  1. Байқауға қатысушылардың міндеттері:

Байқаудың мән-жайымен алдын-ала танысу, Байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеу;

осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;

осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.

  1. Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:

материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;

осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтамағаны үшін.

  1. Медиа ресурстар

Байқауға ақпараттық қолдау жасауды  ақпараттық серіктестіктер қамтамасыз етеді.

  1. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты

Байқаудың ұйымдастыру комитеті: , Алматы қаласы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ, Алматы қаласы, 050008, Жароков көшесі, 39 А (Қабанбай батыр көшесінің қиылысы). Байланыс телефоны: + 7 778 878 34 08; электронды пошта:  erkinsoz2019@gmail.com

Тегтер:еркін сөз