Еркін Ғаббасов Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін еншіледі

0

Қазақстандық пара спортшы Еркін Ғаббасов Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесіне қол жеткізді. 

Финалда R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен отандасымыз 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды.

Алтын медальды 249.4 ұпай жинаған Корея спортшысы Парк Дж, ал қола медаль 226 ұпай жинаған Дания елінің спортшысы еншіледі.

Бұған дейін пара таеквондошылар Нышан Өмірәлі мен Нұрлан ДомбаевтыңПаралимпия ойындарының ширек финалына шыққанын, сондай-ақ Гүлбахыт Қайыржанованың Паралимпиада ойындарын бесінші орынмен аяқтағанын жазған болатынбыз.