«Еркемен бірге сахнаға шықпаймын»: Әнші Раим өзінен үлкен әйелімен неліктен ән айтпайды (видео)

0

Жақында үйленген жас әнші Раим жұбайы Ерке Есмаханмен бірге сахнаға шықпайтынын айтты. Бұл туралы «Хабар» арнасына сілтеме жасаған Kznews.kz хабарлайды.

«Еркемен бірге сахнаға шықпаймыз. Себебі оның өз әндері, өз хиттары бар. Алда жоспар көп. Ең бірінші мақсатым — жыл сайын бір альбом жазып тұру», — деді әнші. Сондай-ақ ол әндерін нақты кімге арнайтынын жасырған жоқ. «Барлық әнім жұбайыма арналады», — деді Райым. Сұхбат барысында Раим әр концерт алдында қобалжитынын да жеткізді. «Қазіргі көңіл-күйім жақсы, керемет, супер. Әрине, қобалжу бар. Басқаларды қайдам, өзімде ір концерт алдында қобалжу болады. Қазір мен жаңа Раимға айналдым. Яғни, отбасылы Раим», — деді әнші. Айта кетелік, жас әнші Раим мен Ерке Есмахан шаңырақ көтеріп, хит әндердің авторына Ақтөбеде сырға салынған болатын. Екеуі ресми түрде неке қиып та үлгерді.