«Еркек – Құдайдың өкілі және ажырасуға 100% әйел кінәлі»: Отандық журналист Жанар Байсемізоваға жауап берді – Қазақстан жаңалықтары

0
154

Қазір өзін коуч ретінде танытып жүрген журналист Жанар Байсемізова парақшасына қалдырған жазбаларының бірінде әйел күйеуін Тәңірдей қабылдау керектігін және ажырасуға 100% әйел жауапты екенін айтып, пост жариялаған еді. Дәл осы жазба желіде қызу талқыға түсіп, оқырмандардың сан түрлі сынына қалды. Шет ел азаматына тұрмысқа шығып, қазақ отбасын қалай бақытты болу керектігін үйретіп жүрген коуч һәм психологты өткір сынаған басқа журналист Тәтті Мақсатқызымен Stan.kz ақпарат агенттігі байланысып пікірін білді.

жанар байсеміз

Батыс Қазақстанда тұратын Тәтті Мақсатқызы 20 жыл «Ақжайық» облыстық телеарнасында журналист болып қызмет атқарып келе жатыр. Тұрмысқа шығып, отбасылы болғанына 21 жыл толған, ол өзі де бала тәрбиелеп, ата-ене тәрбиесін көрген қазақ келіні екенін айтады.

«Ене мектебінен өтіп, қайын сіңліні тұрмысқа берген, ініге келін әперген, қазақ әйеліне тән барлық әдет-ғұрыпты аттамай, қызмет етіп келе жатқан келіндердің бірімін», – деген Тәтті Мақсатқызы Байсемізованың жазбасы қатты тигенін айтады.

«Жанардың «барлығына әйелдер кінәлі» деген бір ауыз сөзі жанымды жеп қойды. Қаншама қазақ азаматына тұрмысқа шыққан қазақ әйелдерін көріп келе жатырмын. Олар бала туады, әрі отбасын асырайды, әрі жолдасын мәпелейді, достарын, тума-туыстарын қонаққа шақырады. Қазақтың дастарханы ешқашан жиылмаған. Осының бәрін көріп, біле тұра, барлығына кінәлі әйелдің өзі дегенмен келіспеймін. Намысыма батып кетті», – деп ішіндегі базынасын айтқан ол Жанардың жеке басына және әріптес ретінде көзқарасым түзу екенін айтады.

– Шет ел азаматына тұрмысқа шығып, қазақ әйеліне күйеуін сыйлауды айтатындарға, күйеуге шықпаған қыздардың қалай күйеуді баптау керектігін үйретіп жүргендігіне, ажырасқан әйелдердің отбасын қалай сақтап қалудың жолдарын айтып жүргеніне не айтасыз?

– Шет елде біздің ментатилет жоқ. Олардың өмір сүру салты бізге қарағанда жеңіл. Олар тек өздерінің қара бастарын ғана ойлайды. Біз қазақтар – көпшілміз, дастарханымыз қашанда жақсылыққа жайылған. Көрші үйге келе қалса, шәйімізді ала жүгереміз. Оның барлығы қазаққа тән құрмет деп түсінемін. Кейде ойламын, шет ел азаматтарына тұрмысқа шыққан әйелдер осылай десе, келінім саған айтам, қызым сен тыңда дегенге саяды. Олардың отбасыларында меніңше інісін келіні сыйламайды, келіні үйіндегі ата-анасын дұрыс қадірлемейді, соның барлығын шет ел азаматына тұрмысқа шыққан қыздар көріп жүр, сосын үйінде отырып алып бықсытып осындай әңгіме жазады.

Күйеуге шықпаған қыздар күйеуді қалай баптау керектігін тіпті айтпау керек. Өйткені, басынан өткен жоқ. Ажырасу дегенге қарсымын. Қалай да әйел адам отбасын сақтап қалу керек. Күйеу өздігінінен кетпейді ғой. Оның барлығы отбасындағы кикілжің мен түсініспеушіліктен басталады. Ер азаматтың өзі кейде баламыз сияқты болып келеді. Кейде оларға баласы немесе інісі ретінде қарау керек деп ойлаймын. Еркелетіп жіберсең, олар барлығын істейді. Менің басымнан өткен оқиға осы. Жылы-жылы сөйлеп, бетінен сүйіп шығарып салсам, жайнап шыға келеді. Не істейін, не әперейін, қайда қыдырамыз деген ұсыныстар айта бастайды. Ал шаршап тұрмын, тамақты жылытып жей салыңдаршы деген сынды мінез танытсам ол да қағынып, қабағын түйіп шыға келеді. Әйел болу оңай емес. Әйел болу қиын. Соның бәріне көну керек, – дейді отбасы беркесін қалайда сақтап қалуды айтқан Тәтті.

– Қазірігі біздің «ханымдар» көп ақыл айтқыш болып кетті. Олар тек қана өздерінің күшімен байып кетсе бір жөн. Оларды қолдап отырған кейбір азаматтар бар, – деп бай және қуатты болудың, бақытты болудың жолдарын үйретіп жүрген «ханымдардың» қолдаушылар  арқасында осында деңгейге жетіп отырғанын айтады журналист.

– Жан бағуға ақша таппай отырғанда солардың семинарына қатысуға бәленбай мыңды қарызға алып барып жүргендерді көзіміз көріп жүр. Олардың жұртты сұлу сөзбен арбап, семинарына шақырып, өмір сүрудің жолдарын үйретуге, жас қыздардың миын улауға құқығы бар деп ойлайсыз ба?

Ия, ауыл келіншектері сенгіш қой. Ауыл келіндері аз-маз жұбайы ренжітсе, соған сынып кетеді. Даладан мейірім іздей бастайды. Қыз-келіншектерге семинарды салиқалы, елге сыйлы, мәртебесі биік аналар өткізу керек деп ойлаймын, – деп қысқа қайырды сұхбат берушіміз.

– Жанардың ажырасуыға 100 пайыз әйел кінәлі деген пікірімен қосыласыз ба?

– Жоқ, өзінің басына түспеген соң айтады. Көрер ем, ішкіш ермен немесе шеге басын қисайтып, қолынан іс келмейтін еркекпен тұрса, – деп ажырасуға екі тараптың да кінәлі болатынын алға тартты.

«Бүгінгідей әдемі өмірде бір-бірімізді ренжітуіміз жөн емес. Соның ішінде өзіміз-өзімізге жақтас болып жүруіміз керек», – деп өзінің дау-дамайдан алыс екенін білдірді.

stan.kz