Еркек әйелі босанып жатқанда енесімен төсектес болып, кейін үйден қашып кеткен

0

Англияның Стоу-на-Волд қаласында ер адам екінші баласын босанғаннан бірнеше күн өткен соң сүйіктісін тастап, оның анасымен көңіл қосты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап.

24 жастағы Джесс Олдридж өзінің 29 жастағы жігіті Райан Шелтонмен бірге екінші балаларын күтіп жүрген. Келіншектің 44 жастағы анасы Джорджина мен әкесі Эрик үй шаруасына көмектесу үшін жас отбасымен бірге тұруды жөн көріпті.

Бірнеше уақыт бірге тұрғаннан кейін келіншектің анасы Джорджина мен сүйіктісі Райанның арасында романтикалық байланыс орнаған.

Джесс 28 қаңтарда екінші баласын кесарь тілігі арқылы дүниеге алып келеді. Екі күннен кейін ол жаңа туған баласымен ауруханадан келгенде, Джорджина мен Райанның көшіп кеткенін анықталады.

Келіншек анасынан жағдайды түсіндіруді сұрағанда, махаббат жасқа қарамайтынын айтыпты.

“Бұл нағыз сатқындық. Ол маған екі баламды бағуға көмектесуі керек еді, бірақ ол менің жігітіммен көңіл қосты”, – деп ашынды келіншек. 

Джесс анасы мен Райан арасындағы сезім барын білгенін, бірақ оған сенгісі келмегенін айтады. Келіншек күйеу баласымен кешкі асты да бірге ішіп, ашық түрде көңіл көтеріп жүрген көрінеді.

Джорджина мен Райан алты ай бойы жасырын түрде кездескен.