Еркебұлан Сейдахметке Мюнхенде ота жасалды

0
Еркебұлан Сейдахметке Мюнхенде ота жасалды


Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметке Мюнхендегі (Германия) Schön клиникасында сәтті ота жасалды.

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

18 жастағы футболшы Instagram-да жазып, ауруханадағы суретін жариялады.

«Бәрі жақсы! Қазір ғана ояндым», — деп жазды Еркош.

Бұдан бұрын Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Сейдахметтің жаттығу кезінде қатты жарақат алып, үш ай бойы жаттыға алмайтынын хабарлаған еді. Биыл Еркебұлан Ұлттар лигасының төрт матчына қатысып, бір рет гол салды және бір рет сәтті доп берді. Ол клубтық деңгейде ресейлік «Уфада» екі рет ойнады.