Еркебұлан Дайыров Мақпал Исабекованың клипі жайлы: Сүйіскен жоқпыз — Қазақстан жаңалықтары

0

Еркебұлан Дайыров Мақпал Исабекованың «Хабарласпа» клипі жайлы сыр шертті. Актер сырт көзге солай көрінгенімен, шын мәнінде Мақпалмен сүйіспегенін айтты. Киножұлдыз мүмкіндігінше ашық сахналардан бас тартуға тырысады екен. 

Еркебұлан Дайыров Мақпал Исабекованың клипі жайлы: Сүйіскен жоқпыз

Фото: «Хабар» арнасынан және «Хабарласпа» клипінен скриншот/Коллаж Stan.kz

Бұл туралы актер «Хабар» арнасының «Ережесіз әңгіме» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Бұл бейнебаянның форматы бөлек. Режиссері — Ернар, операторы өзіміздің талантты жігіт — Азамат Дулатов. Форматы, сценарийі бөлек болғандықтан, маған ұнады. Оның үстіне, ақша керек болды десең да…» — деп күлді Еркебұлан. 

Бұл ретте Дайыров көпшіліктің Мақпал екеуі сүйісті деп ойлайтынын атап өтті. 

«Ән, бейнебаянның сюжеті үйлесім тапты. Көбі ойлайды, Мақпал екеумізді сүйісті деп. Бірақ ондай ештеңе болған жоқ, Мақпалдың өзінен де сұраңыздар. Ол тек оператордың әдемі жұмысы», — деп түсіндірді Дайыров.

Айта кетейік, Еркебұлан Дайыров 2014 жылы Ләйлә есімді актриса қызбен шаңырақ көтерген. Жақында екінші мәрте әке атануға дайындалып жүрген актер бұған дейін жұбайының қызғанышы жайлы айтқан болатын. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.


 

stan.kz