«Ерке менен айырылып қалды»: Ерке Есмаханның бұрынғы жігіті алғаш рет өз шындығын айтты (видео)

0

Биылғы жылы тұрмысқа шыққан Ерке Есмаханның бұрынғы сүйіктісі Азамат Зенкаев алғаш рет сұхбат беріп, өз шындығын айтты. «Алғашқы» бағдарламасында әнші Еркенің өзінен айырылып қалғанын айтты, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Бағдарлама жүргізушісі Аман Тасыған Азамат Зенкаевтан «Еркеден неге айырылып қалдың? Мықты еркек қасындағы сұлуды сақтап қалады. Сен мықты болмай тұрсың ғой?», — деп сұрады. Ал «91» тобының бұрынғы әншісі бұл оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты. «Мен ба? Ерке менен айырылып қалды. Мен ешкімнен айырылмадым. Өмір солай ғой. Мен оны сақтағым келмеген шығар? Баурап алды. Ой салып жіберді. Өзімнің тіліммен қудырып жіберді деп айтамын. Оның бәрі шоу ғой. Өтірік қой оның бәрі. Міне, мынау шындық», — деді Азамат Зенкаев. Сонымен қатар әнші ең алғаш Еркемен қалай кездескенін айтты. «Ол маған жазды. Мен оған өлең жазып бергем, сол мәселемен кездескен болатынбыз. Өзі әзілдейтін қыз ғой. Сөйтіп әңгімеміз жарасып кетті. Сөйтіп баурап алды. Алданып қалдым… Ойнап айтамын. Соңғы рет кездеспедік. Екі жаққа кеттік, бірақ айырылысу мақсатында емес. Жай кетіп қалдық та, айырылысып кеттік. Мен шақырдым, ол келмеді дей салайық. Сол кезде ғашық болдым, кездестім. Қазір күмәнім бар. Анаммен таныстырдым. Сол кезде сезімім болған шығар. Ол мені тастап кетті», — деді Азамат Зенкаев.