«Ерке Есмаханның шәкірті»: Шымкенттік 6 жасар қыз елдің талқысына түсті — новости Казахстана

0

Әлеуметтік желіде»Ерке Есмаханның шымкенттік шәкірті» ретінде танылған алты жасар Инабат Жанғали есімді кішкентай қыз елдің қызу талқысына түсті. Желі қолданушылары оның жасына сай емес макияжы мен киіну стилін сынап тастаған деп жазады NUR.KZ.

Желі қолданушылары Инабат Жанғалидің Instagram парақшасына түрлі пікірді қарша жаудыруда.

«Кішкентай қызды сонша бояндырғандарың не?», «Мына қыз сабағын оқымайды ма?», «Өспей қалған тәтелер секілді», «Ата-анасы тойда ән айтқызғанша, сабағын оқытпайды ма?».

«Қылықтары үлкен әйелдікі сияқты», «Баланың балалығын ұрлады ғой әке-шешесі», «Қызы арқылы байымай-ақ қойсын», «Кішкентай бала ойын ойнап, алаңсыз жүруі керек».

«Киімдерін кішкентай қыздарға сай тіктірсеңдерші», «Мынаусы несі үлкен әйелдердің кішкентай көшірмесі ғой», «Ата-анасы тойда сайратқанша, сабағын оқытса қайтеді екен», «Мына қыздың қылықтары үлкен әйелдер секілді», «Қазірден осындай. Есейгенде қайтер екен?», — деп желі қолданушылары Инабаттың әр жазбасныың астына пікір қалдырған.

Айта кетейік, кішкентай қыздың қимылын көпшілік Ерке Есмаханға ұқсатқан. Тіпті желіде оның Ерке Есмаханның шымкенттік шәкірті деп те айтып жүр.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар