«Ерке Есмаханның шәкірті» деп танылған қыз не себепті әйел сияқты киінеді?
Желіде «Ерке Есмаханның шымкенттік шәкірті» ретінде танылған кішкентай қыздың не себепті үлкен әйел образында өнер көрсететіні белгілі болды. Алты жасар Инабаттың ағасы әрі продюсері көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді деп жазады NUR.KZ.
Ғаламторда асқан танымалдылыққа ие болған бүлдіршіннің продюсері «Шаңырақ» бағдарламасына қонақ ретінде келіп, еш жерде айтылмаған мәліметтермен бөлісті.
Ол алты жасар Инабаттың не себепті үлкендерше киінетіні жайлы бар шындықты айтты. 17 жастағы продюсер қарындасының өнер көрсететін образын сынағандарға жауап берді.
«Өзім продюсер ретінде алып жүріп, барлық жағдайды өзім қарастырғандықтан жауап берейін. Әрине, біз алдағы уақытта бәрін жасаймыз.
Біз де елдің пікірін ашып оқимыз. Біз де көреміз. Керегін аламыз, ақылға қонбайтындарын алып тастаймыз.
Өнер көрсетіп жүргенімізге бір жарым жыл болып қалды.
Қазір кім әдемі көйлек киіп шығады, мысалы «Ерке Есмахандікіндей тіктіріп берші» дейді қарындасым. Оған да, маған да ұнап тұрады. Неге осындай кішкентай үлгідегі көйлек кигізбеске?!
Алайда кейіннен көпшіліктің пікіріне қарай, өзім де ойлана келе оның образын өзгерттік. Әр түрлі қылып тіктіріп жатырмыз.
Тағы ел айтатын бір жайт — Инабаттың боянуы. Алғашқы шығып жатқан кезінде боянғаны рас. Тәжірибе болмағандықтан бояндыратынбыз. Қазір көріп тұрғандарыңыздай боянбайды. Тойда да боянбай өнер көрсетеді» , — деді продюсер-ағасы.
Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмаханға ұқсағысы келетін бүлдіршін қыздың ел талқысына түскені жайлы жазған болатынбыз.