Ерімбетовпен бірге «алаяқтық» ісімен сотталған Соколенко түрмеден шықты

0

3 ақпанда «Sky Service» компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі 40 жастағы Василина Соколенко бостандыққа шықты. 2018 жылы күзде «алаяқтық жасады» деп айыпталып, төрт жыл екі айға сотталған Соколенко 3 ақпанда Алматы облысы Жауғаштыдағы әйелдер түрмесінен шықты. Соколенко алматылық кәсіпкер Ескендір Ерімбетовпен бірге сотталған.

Әйелдер колониясының Азаттыққа хабарлауынша, Соколенко 16 қаңтардағы Іле аудандық сотының қаулысы негізінде босатылған. Қаулыда Соколенконың қалған жазасы жеңіл жазаға ауыстырылғаны айтылған.

Соколенконың өзімен я оның адвокатымен сөйлесу мүмкін болмады. Ол Ескендір Ерімбетовтің түрмеден шыққанына бір ай толғанда босады.

2018 жылы 22 қазанда Алматының Медеу аудандық соты кәсіпкер Ескендір Ерібетовті «аса ірі көлемде қаржылық алаяқтық» жасады деп айыптап, жеті жыл түрмеге қамау туралы үкім шығарған. Sky Servise компаниясының бұрынғы президенті Михаил Зоровқа үш жыл шартты жаза тағайындалды. Ал компанияның директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Дмитрий Пестов пен кеңестің бұрынғы мүшесі Василин Соколенко төрт жыл екі айға қамалған.

Бизнесмен Ескендір Ерімбетовті ауыр дертке шалдығуына байланысты биыл 30 қаңтарда бостандыққа шыққан. 48 жастағы Ескендір Ерімбетовті құқық қорғаушылар «саяси тұтқындар» тізіміне қосқан.

Дмитрий Пестов жазасын түрмеде өтіп жатыр.

Azattyq