“Ерекше жан” — Мұхамеджан Тазабек келін түсірді
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Ұлым қуанып, ұлыммен қатар біздер де қатты толқып жүрміз. Себебі, отбасымызға ерке келін, ерекше жан, жаңа тұлға келе жатыр. «Келіннің аяғынан» дейді халқымыз. «Басынан жақсы болса екен, бір-бірімізді қуантсақ екен, гүлге көбелек қонғандай, жартасқа сұңқар ұя салғандай жарасып кетсек екен, жатырқамай, жанымыз жылу сыйласа екен» деп Алладан дұға қылып отырмыз», — деп жазды Мұхамеджан Тазабек.