Ерекше шаш үлгісімен танылған көші-қон полицейіне үкім шықты

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Семей соты облыстың көші-қон қызметі басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаеваға үкім шығарғанын хабарлады, деп жазады Kznews.kz.

Сондай-ақ сот осы басқарманың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Садықов пен көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы Нұрахметоваға қатысты үкім шығарған.

– Нұрахметованы атқарып отырған лауазымына тағайындау үшін Дөненбаева Садықов арқылы 1 000 доллар көлемінде пара алған. Дөненбаева 4 жылға, Нұрахметов 3 жылға, Садықов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару атағы мен құқығынан айырылды.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың қыркүйегінде Абай облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаеваның ұсталған еді.