Ердос Қанаев елдің алдында анасына тосынсый жасап қуантты — Қазақстан жаңалықтары

0

«Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанаев анасына көпшілік алдында тосынсый жасап қуантты. Әнші анасына «Анашым-жәннатым» деп арнайы тапсырыспен жазылған білезігін сыйға тарттты. 

Ердос Қанаев елдің алдында анасына тосынсый жасап қуантты

«Дастархан» бағдарламасына келген «Жігіттер» тосынсыйымен келді. Бірі анасына сый жасаса, бірі ән айтып көңіл көтерді. 

Өзге балалар секілді әншілер де бала күнінде бұзық болған. Мәселен, Мырзахан бала күнінен музыкаға бейім болыпты. Музыкалық аспап кімнің үйінде болса, сол үйді айналшықтап шықпайды екен. Баласының зейінін байқаған әкесі 9 жасқа толғанда Ташкенттен ямаха аспабын әкеп берген деседі. 

Ал, Бағлан Әбдірайымовтың анасы мұғалім, педагог. Оқушылармен қатар өз ұлын да түрлі жарыстарға дайындаған екен.

«Анам бала күнімнен жеке продюсерім. Мен Түлкібас ауданының жігіт сұлтаны болғанмын. Сол кезде мені сахнаға анам баптаған еді», — деді Бағлан Әбдірайымов. 

Ал, бала Ердос көршісінің күркетауығың қылқындырып өлтіріп, бұзықтық жасапты.  

«Жігіттер» тобы ана туралы әнге бейнебаян түсіріп, онда өз аналарын бой көрсеткен еді. 

«Өнерде жүрген әр адам өз анасын көрсеткісі келеді. Өз анасын бейнебаянға түсіргісі келеді. Қуантқысы келеді. Содан туған идеямен аналарымызды түсірдік. Бейнебаянда біз рөлді дұрыс атқара алмадық, ал аналарымыз бір ғана дубльмен ойнап шықты», — деді Бағлан.


«Сенсіз 90 күнім өтті»: Марқұм ұлын еске алған Ердос Қанаев елді жылатты


 

 

stan.kz