Ердоғанның сайлаудағы басты қарсыласы жол апатына түсті

Режеп Тайып Ердоғанның президенттік сайлаудағы бұрынғы қарсыласы Кемал Кылычдароғлу жол апатына ұшырады. Бұл туралы Kznews.jz Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Оппозициялық Халықтық-республикалық партияның жетекшісі, президенттікке бұрынғы кандидат Кемал Кылычдароғлуның кортежінде 7 көліктің қатысуымен жол апаты болды”, – деп жазды Star газеті.
Сондай-ақ, жол апатына журналистер мінген шағын автобус та түсіп, салдарынан төрт адам, оның ішінде екі БАҚ қызметкері зардап шекті.
фото: inbusiness.kz