Ердоған қазақ министрінің жасын естіп таңғалды

0
634

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Түркияға 10 министр барды. Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған қазақстандық министрлердің бірінің жасын естіп таңғалды, — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ердоғанның Қазақстан үкіметі мүшелерімен танысу сәтіндегі видеоны НеХабар Telegram-арнасы жариялады. Видеода Тоқаев Түрік басшысына қазақстандық министрлерді таныстырып жатқан сәті көрсетілген. Ердоған цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қолын алып, әңгімелесті.

Ресми құжаттарға қол қойылғаннан кейін президент сарайында Tengrinews.kz тілшісі Бағдат Мусинмен сөйлесіп, Ердоғанмен не жайлы әңгімелескенін сұрады.

«Ол менің жасымды сұрады. Президент менің түрік тілін білетінімді айтты. Ол туралы да сөйлестік. Ол (Ердоған-еск.) мен жас екенімді айтты. Жасымды айтқанымда таңғалды», — дейді Мусин.

Айта кетейік, Бағдат Мусин 39 жаста. Ол 2020 Жылдан бері министр лауазымында.

(Фото tengrinews.kz)